top of page
Search

М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, əлде даттаушы ма? - Эссе

Əр пенденің сынағы бар, амал нешік?

Сынақ өтіп, мейлің илан, мейлің кешік.

Тағдырың бар, амалың жоқ, көну ғибрат

Бұл - өмірлік, кете алмассың одан көшіп.

Шын мəнінде, сынағы бар жалған өмір,

Өмір бітпей, сынақ бітпес бұл бір əмір.

Екі жолға бағытталған нəтижесі,

Əр пендеге жұмағы бір, тозағы бір.



 

Бір романды пайымдайын бұл өлеңмен, Бір сұраққа жауап іздеп көрейін мен. Сол сұрағым жазылып тұр көз алдымда, "Даттаушы" деп жауабымды берейін мен.


 

Енді керек дəлел айту жауабыма, Осы тағдыр Жамал қыздың қалауы ма?.. Еш жазықсыз бұл пендеге неге сөйтті? Ойланып көр, жауап берші сауалыма.


 

Ойлап болсаң кезегіңді маған бергін, Өз ойымша бұл сұраққа жауап бердім. Үстем таптың бір кесірі тиді мекен? Бұл Жамалдың өміріне қарап көргін. Сəрсенбайды болыс бол деп бір көндірген, Сайқалданып арам бұлтты бір төндірген. Болыс ұлы Жұман деген бір мігітке Жамал қызын беру керек деп сендірген. Жəне мысал көрініп тұр көз алдыңда, Байжан болыс оңып тұр ма соны ойла. Ұлы ғана жетіп тұр ғой дəлел үшін Бұл болыстың іш келбетін айқындауға.


 

Автор егер, үстем тапты жақтап тұрса, Өтірік өлең жаздым жаңа, олай болса. Бір биліктің кесірінен Сəрсенбай-ау Жан қызыңды беріп тұрсың анау малға.


 

Тарқататын ойларым көп шын айтайын, Тек сұраққа жауап айтып, мен қайтайын. Деп тоқтадым ойларымды толық ашпай, Басқа жолы тарқатуды бір байқайын...



 
 
 

Comentários


Contact

87711649819

Follow

  • instagram
  • vkontakte

©2018 by qazaq. Proudly created with Wix.com

bottom of page